«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы кепілге алынған Норвегия мен Қытайдың екі азаматын өлтіргендерін хабарлады.
ИМ өзінің Dabiq журналында екі тұтқын – норвегиялық Оле Иоган Гримсгард-Офстад пен қытайлық Фан Цзинхуэйдің «өлтірілгеннен кейін түсірілген» суретін жариялады. Бірақ ИМ тұтқындардың қашан, қайда және қалай өлтірілгені жайлы ақпарат бермеген. Дегенмен, суретте шетелдіктерді атып өлтіргені байқалады.
Норвегия премьер-министрі Эрна Сольберг содырлардың кепілдегі азаматтарды өлтіргеніне күмән жоғын айтып, оқиғаны «қатыгездік пен тағылық» деп атаған.
«Террористік ұйым адам құқығын сыйламайды және адамгершіліктен жұрдай» деп мәлімдеген Қытай сыртқы істер министрлігі.
Dabiq журналының қыркүйектегі санында ИМ содырлары Норвегия мен Қытай азаматтарының «сатылатыны» туралы жарнама жасаған.