Accessibility links

Астана мен Кабул экономикалық келісімдер жасасты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани. Астана, 20 қараша 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани. Астана, 20 қараша 2015 жыл.

Қазақстан мен Ауғанстан екіжақты экономикалық байланыстарға қатысты бірқатар келісім жасасты. Бұл туралы бүгін Астанада кездескен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани баспасөз жиынында хабарлады.

Назарбаевтың айтуынша, кездесуде Ауғанстанға 600 мың тоннадан аса Қазақстан бидайын жеткізу, Ауғанстанда жол салу, құрылыс материалдарын, локомотив пен вагондар жеткізу туралы келісім жасалған. Оның сөзінше, Қазақстан Ауғанстанның дамуына көмегін жалғастыра бермек.

Қазақстан президенті бұған қоса кездесуде терроризммен күресте екі ел органдарының өзара іс-әрекеттері мәселесі де талқыланғанын айтқан.

Ашраф Ғани Ауғанстан екі елдің сауда-экономика, транспорт, инвестиция және азық-түлік салаларындағы ынтымақтастығынан іс жүзінде нәтиже көретінінен үмітті екенін айтқан.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында екі ел үкіметтері арасында азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою саласында ынтымақтастық туралы келісімге және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.

XS
SM
MD
LG