Accessibility links

Малиде содырлар кепілге адам алды


Бамако қаласында Radisson Blu Hotel қонақ үйі. Бали, 20 қараша 2015 жыл.
Бамако қаласында Radisson Blu Hotel қонақ үйі. Бали, 20 қараша 2015 жыл.

Малидің астанасы Бамако қаласында қарулы адамдар Radisson Blu Hotel қонақ үйін басып алды. Қонақ үй басшыларының дерегінше, шетелдік туристер көп келетін отельде екі адам 140 турист пен 30 қызметкерді кепілде ұстап отыр.

Малидің солтүстігі 2012 жылы кейбірі "Әл-Қаидаға" қатысы бар экстремистердің бақылауында болған. 2013 жылы қаңтарда Франция бастаған операция кезінде ол маңнан қуылған содырлар Малиге шабуылдауын тоқтатпаған. Биыл Севар қаласында да қонақ үйге шабуыл жасалып, бес сарбаз бен БҰҰ-ның бес қызметкері мен шабуылдаушы алты адам қаза тапқан.

Қазақстан ішкі істер министрлігі Малидегі қонақ үйде қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатқандарын хабарлады.

XS
SM
MD
LG