Жапония полициясы Токиода 23 қарашада соғыс құрбандарына арналған Ясукуни храмында болған жарылысты тексеріп жатыр. Храм маңына 100 шақты полицей мен өрт сөндірушілер жиналған. Жарылыс храмның көпшілікке арналған дәретханасында болған. Жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар бары туралы мәлімет жоқ.
Полиция жарылыс орнынан батарея мен сым және жарылғыш құрылғыға қатысы бар болуы мүмкін заттар тапқан.
Полиция жарылыстың саяси астары болуы мүмкін екенін айтады.
Храм Жапонияның соғыс құрбандарына, оның ішінде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан сарбаздарға арналған.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жапон армиясы жасаған қылмыстарға байланысты храм Жапонияның көршілерімен, әсіресе Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Қытаймен арасында шиеленіс тууына себеп болған.