Қазақстанда бүгін ауа-райының нашарлауынан бес облыста бірнеше жол учаскелерінде көліктердің жүрісіне шектеу қойылды деп хабарлайды "Қазақавтожол" республикалық мекемесі.
Ақмола облысында Астана-Петропавл жолының 18-293 километрі, 304-341 километрі, Көкшетау-Рузаевка жолының 0-61 километрі, Көкшетау-Омбы жолының 2-50 километрі, Көкшетау-Атбасар жолының 0-184 километрі, Астана-Ерейментау-Шідерті жолының 16-205 километрі, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған жолының 232-260 километрі аралығында шектеу қойылған.
Солтүстік Қазақстан облысында да ауа-райының қолайсыздығынан Көкшетау-Омбы жолында, Көкшетау-Рузаевка жолы мен Астана-Петропавл жолында барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған.
Ақтөбе облысында Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай жолының 89-231 километрінде қоғамдық және жүк көліктерінің жүруіне шектеу салынған.
Павлодар облысында Ульяновский-Керней-Үміткер-Баянауыл-Қалқаман жолының 0-231 километрі аралығында да барлық көлік түрлерінің жүруіне шекту салынған.
Қостанай облысында да боран мен көктайғақтан Екатеринбург-Алматы жолының 552-729 километрі, Мамлютка-Қостанай жолының 180-243 және 249-404 километрі аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.