Accessibility links

Ақышев: Доллармен ашылған депозит үлесі артты


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Қазақстанның коммерциялық банктерінде АҚШ долларымен салынған депозиттің үлесі 2015 жылдың 10 айында 55,5 пайыздан 65,9 пайызға артты деп хабарлады бүгін ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев. Банктің пленарлық отырысында сөйлеген Ақышевтің ақпараты бойынша, доллармен ашылған депозиттің көбеюі теңге девальвацияланғаннан кейін болған қайта бағалаумен байланысты.

Ұлттық банктің бағалауынша, депозиттік база биылғы жылдың 10 айында 24,6 пайызға артқан. Екінші деңгейлі банктердегі депозит көлемі 14 триллион теңгеге, несие көлемі 12 триллион теңгеге жеткен.

Ақышевтың айтуынша, девальвациядан соң теңгемен ашқан депозиттеріне өтемақы төлеуді кем дегенде депозит иелерінің 50 пайызы сұраған. Өтемақы төлеу туралы өтініш беру мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. Бұған дейін ұлттық банк өтемақы депозиті 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған, шоттағы қаржысы 1 миллион теңгеге жетпейтін азаматтарға ғана төленетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG