Қазақстан парламенті спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Ресейдің Су-24 әскери ұшағын атып түсіруі екі ел қарым-қатынасына әсер ететінін мәлімдеді.
Twitter-дегі парақшасында Тоқаев "Түркия әскери-әуе күштерінің ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын негізсіз атып түсіруі - екі жақты қарым-қатынасқа тиетін салдары өте ауыр оқиға" деп жазды.
24 қарашада Түркия Сириямен шекарада "елдің әуе кеңістігін бұзды" деп, Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген. Ұшақ Сирия территориясына құлаған. Ресей ұшағының Түркия әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарады.
Қазақстан тарапы әзірге бұл оқиғаға қатысты қандай да бір пікір білдірмеді.