Accessibility links

Олланд Мәскеуде Путинмен кездеседі


Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Париж, 2 қазан 2015 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Париж, 2 қазан 2015 жыл.

Мәскеуде бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті Франсуа Олланд кездеседі.

Олланд «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы әскери операцияны жалғастыруға қолдауын алу үшін әлемдік жетекші елдердің басшыларымен кездесіп жүр.

25 қарашада Олланд Парижде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескен. Ол Германияны Ирак пен Сирияда ИМ тобына қарсы күреске күш салуға шақырған. Меркель терроризммен күресте Францияға барынша қолдау көрсетуге уәде берген.

Кеше Франция парламенті қыркүйекте басталған ИМ содырларына қарсы әскери-әуе шабуылдарын ұзартуды бірауыздан қолдаған. Франция 2014 жылдан бері Ирактағы содырларға әуеден соққы жасап келеді.

Бұның алдында Франсуа Олланд Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен және АҚШ президенті Барак Обамамен исламшыл экстремистермен күрес мәселелерін талқылаған. Жақын күндері ол Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездеспек.

Франция астанасында Парижде 13 қарашада жасалған терактілерден 132 адам қаза тауып, 350-ден аса адам жараланған. Париждегі ол шабуылдарға жауапкершілікті ИМ тобы өз мойнына алған.

XS
SM
MD
LG