Accessibility links

Қырғызстанда жер сілкінді


Джалал-Абад. Қырғызстан. Көрнекі сурет
Джалал-Абад. Қырғызстан. Көрнекі сурет

1 желтоқсан күні сағат 12:23-те Қырғызстанның Джалал-Абад облысында магнитудасы 5,3 балл жер сілкінісі болды деп хабарлайды Еуропалық-Жерортатеңіздік сейсмология орталығы.

Жер сілкінісінің эпицентрі Джала-Абадтың солтүстік-шығысына қарай 58 километр қашықтықта болған.

Қырғызстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі зардап шеккендер мен бұзылған ғимараттардың жоқ екенін мәлімдеді.

Қырғызстанда соңғы екі аптада бірнеше жер сілкінісі болған. Соның ең ірісі - 17 қарашада Қара-Су ауданында болған 5-6 балдық жер асты дүмпуі салдарынан мыңдаған үй мен әлеуметтік мекемелердің қабырғалары жарылып, бірсыпыра үйлер жарамсыз деп танылған.

XS
SM
MD
LG