Тәжікстан соты Нүрек қаласының 24 жастағы тұрғынын «Ислам мемлекеті» ультра-радикал тобымен байланысы бар деген айыппен бес жылға соттады. Тергеу ақпараты бойынша, Мәскеуде биыл наурызда ұсталған ол адам тәжік және шетелдік азаматтармен бірге Түркия арқылы Сирияға жетіп, экстремистік топқа қосылған.
Тәжік билігінің мәліметінше, Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» содырлары құрамында соғысып жүрген 500 тәжік азаматының дені ол жаққа Ресей территориясы арқылы өткен. Ресейде Тәжікстанның 1 миллионнан астам азаматы бар деген деректер айтылады.