Accessibility links

Мәсімов пен Рютте Қазақстан - ЕО келісімін талқылады


Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте.
Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанаға ресми сапармен келген Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттемен кездесіп, екі жақты қарым-қатынасты және Қазақстанның Еуропа Одағымен (ЕО) қол қоюды жоспарлап отырған әріптестік туралы келісімін талқылады.

Кездесуден соң Мәсімов келіссөзде Қазақстанның ЕО-мен өзара байланысы, оның ішінде әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы талқыланғанын айтты. Бұған қоса Қазақстан мен Нидерланд арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайы да талқыланған.

«Кездесуде біз негізінен экономикалық мәселелерді талқыладық. Нидерланд Еуропадағы Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын екінші ірі ел» деді Мәсімов.

Нидерланд премьері ЕО-мен әріптестік және ынтымақтастық туралы кеңейтілген келісім екі ел арасында «саяси және экономикалық байланыстар орнатуға тың негіз болатынын» айтқан. Ол Қазақстан – Орталық Азия аймағында ЕО-мен мұндай келісім жасасқалы отырған алғашқы ел екенін де атап өткен.

XS
SM
MD
LG