Accessibility links

Батыс Қазақстанда коммуналдық төлем қымбаттайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Батыс Қазақстан облысында электр қуатын тарататын, су және жылумен қамтамасыз ететін компаниялар тарифтерін қымбаттатып жатыр.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті монополистердің өтінішін мақұлдады деп хабарлады бүгін Оралда өткен брифингте департамент басшысы Уәлихан Разов.

Батыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясы бір киловатт-сағат электр қуатының бағасын 10,6 пайызға, яғни 4,24 теңгеден 4,69 теңгеге дейін қымбаттатады. «Жайық жылу энерго» компаниясы бір гигакалория жылу бағасын 33,8 пайызға, яғни 3109 теңге 22 тиыннан 4159 теңге 59 тиынға көбейтпек. «Батыс су арнасы» компаниясы су бағасын 31 пайызға қымбаттатпақ. Жаңа тариф бойынша, бір текше метр су бағасы 75 теңге 4 тиыннан 98 теңге 79 теңгеге қымбаттайды.

Уәлихан Разовтың есебі бойынша, қазір 32 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі жайлы пәтерден коммуналдық қызмет үшін алынатын төлем бағасы 8 мың теңге болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл сома 10 мың теңгеге жетуі мүмкін.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG