Accessibility links

Ресей: "Балқаш" торабы әуе қорғаныс жүйесін нығайтады


Бұрынғы «Дарьял-У» әскери нысанының тоналып, өртенген орны. Балқаш, маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет.)
Бұрынғы «Дарьял-У» әскери нысанының тоналып, өртенген орны. Балқаш, маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет.)

«Балқаш» радиотехникалық торабын өткізу шарттары және одан әрі пайдалану тәртібі туралы Қазақстанмен жасалған келісім Ресейдің қорғаныс қабілетін арттырып, аймақтық бірегей әуе қорғанысы және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін одан ары қалыптастыруға септеседі деп мәлімдеді баспасөзде Ресей қорғаныс министрлігі халықаралық әскери ынтымақтастық бас басқармасының бастығы Сергей Кошелев.

Қарағанды облысында орналасқан «Балқаш» торабын өткізу шарттары және одан әрі пайдалану тәртібі жайлы Қазақстанмен жасалған келісімді бекіту туралы құжатқа өткен айдың соңында Ресей президенті қол қойған.

Келісімге сәйкес, Ресей жағы әуе қорғанысы саласындағы зымыран шабуылын алдын ала ескерту жүйесінің (ЗШЕЖ) маңызды элементі саналатын «Балқаш» радиотехникалық торабын пайдалануды ары қарай жалғастыра береді. Оның құрамына енетін алыстан қадағалайтын «Днепр» радиолокациялық станциясы ғарыш кеңістігіне үздіксіз барлау жүргізуге, сонымен бірге оңтүстік-шығыс стратегиялық әуе-ғарыш бағытындағы баллистикалық зымырандар ұшыруды автоматты түрде анықтап, бақылауға арналған.

Қазақстанмен келісімде «Балқаш» торабы мен ол орналасқан жер телімдері Ресей тарабына пайдалануға тегін берілетіні айтылып, оның қызмет тәртібі мен шарттары айқындалған.

XS
SM
MD
LG