Әзербайжанда алаяқтық жасады және мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен елдің ең банкінің бұрынғы басшысы ұсталды. Әзербайжан халықаралық банкінің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Жахангир Хаджиев 5 желтоқсанда 4 айға қамалған. Бұған дейін ол банктерден беріліп, қайтарылмай қалған несиелер ісін тергеу аясында бірнеше рет тергеуге шақыртылған.
Қазір ірі көлемде несие рәсімдеп, оны төлемеу ісіне байланысты тергеуге қатысты банктің бұрынғы жоғары шенді бірнеше қызметкері мен бизнесмендер ұсталған.