Accessibility links

Мұнай бағасы апта ішінде он пайызға арзандады


АҚШ-тағы мұнай кеніштерінің бірі. (Көрнекі сурет.)
АҚШ-тағы мұнай кеніштерінің бірі. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-та өндірілетін мұнай бағасы жұма күні 3,5 пайызға төмендеді – шикізаттың бір баррелі 35 доллар 62 центке дейін арзандаған. Соңғы аптада мұнай бағасының құлдырауы он пайыздан асқан.

Сауда барысында Brent маркалы мұнай мен АҚШ-тың Техас штатының батысында өндірілетін мұнай бағасы бес пайыздан астамға дейін кеміген. Өткен аптада ОПЕК ұйымына мүше елдер мұнай өндірісі көлемін қысқартпау туралы шешім қабылдаған соң шикізат бағасы тоқтаусыз құлдырай бастады. Соңғы деректер бойынша, биыл қарашада ұйым мүшелерінің мұнай өндіру көрсеткіші 2008 жылдан бері ең жоғары деңгейге жеткен. Халықаралық энергетика агенттігінің жұма күні жарияланған есебінде әлемдік нарықта қуат көздеріне сұраныс төмендегені туралы айтылған.

Жұма күнгі сауда аяқталғаннан соң АҚШ-та осыдан 40 жыл бұрын мұнай экспорттауға салынған тыйым келесі жылы алынып тасталынуы мүмкін деген ақпарат тарады. Конгресс мүшелері мемлекеттің жаңа бюджетін қалыптастырудың бір шарасы ретінде осы мәселені талқылап жатыр. Егер АҚШ әлемдік нарыққа мұнай шығаратын болса, ол шикізат бағасының арзандауына себеп болуы ықтимал дейді сарапшылар.

XS
SM
MD
LG