Ресей президенті Владимир Путин бүгін Мәскеуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан "дамып жатқанын" мәлімдеді.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин Қазақстан мен Ресей кеден, техникалық реттеу және басқа да мәселелер бойынша ережелерді сәйкестендіру жұмысын жалғастыра беретінін айтқан. "Егер бізде бұрын келісілген және сол бойынша қазір жұмыс істеп жатқан келісімдер болмағанда онда экономикамызға тиетін соққы бұдан да ауыр болатын еді" деген Путин.
Назарбаев кездесуге мүмкіндік тудырғаны үшін Путинге алғыс айтқан. "Біз Еуразия экономикалық одағының алғашқы, қиын жылын өткердік, осындай дағдарысқа тап болдық. Бірақ біз мұндай шығындар болатынын білдік. Бәрібір мен біз дұрыс істедік деп санаймын және біз алға қарай жылжи беруіміз керек" деген Назарбаев.
Бүгін Мәскеуде Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер басшыларының жиыны өтеді.