Accessibility links

Астанада «қара тізімдегі» тағам өнімдері қатары толықты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық тұтынушылар құқығын қорғау қоры, арасында ресейлік өнім түрлері де бар 190 түрлі тағам өнімдерінің атауын «қара тізімге» енгізді деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Қазақстандық тұтынушылар құқығын қорғау қоры ел аумағында сату үшін сапа және сауда ережелері талаптарына сай емес деп тапқан тауар түрлерінің тізімін жариялап отырады. Жаңа тізімде кейбір тауарлардың нақты түрлері, олардың өндірушісі мен анықталған орны көрсетіліп жазылады. Мысалы, бұл тізімге Армения, Беларус, Қырғызстан, Ресей және өзге елдерде өндірілген кейбір тағам түрлері енгізілген.

«Күмәнді тауарлардың» жаңа тізімі Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеті жүргізген қауіпсіздік мониторингі қорытындысы бойынша жасалған.

XS
SM
MD
LG