Accessibility links

Германия Кельндегі жыныстық зорлыққа алаңдайды


Кельн мэрі Генриетте Рекер. 5 қаңтар 2016 жыл.
Кельн мэрі Генриетте Рекер. 5 қаңтар 2016 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель Кельн қаласында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жыныстық зорлық және ұрлық фактілерінің күрт көбейгеніне алаңдаушылық білдірді.

Канцлер өкілдерінің айтуынша, канцлер Кельн қаласы мэрі Генриетте Рекерге хабарласып, «тыныштықты бұзып жатқандарды шыққан тегі мен биографиясына қарамастан жазалауға» шақырған.

Кельн қаласында ондаған әйел өздеріне ер адамдардың анайы түрде қырындағанына шағым түсірген. 1 қаңтарға ауған түні тоналған әйелдер де бар. Бұл тақілеттес арыздардың саны 80-ге жеткен. Бір әйел өзінің зорланғаны туралы шағым берген. Кельн полициясының бастығы Вольфганг Альберстің айтуынша, жәбір көрген әйелдер сипаттаған еркектер арабтар мен Солтүстік Африка елдері азаматтары болған.

Мұндай оқиғалар Гамбург қаласында да байқалған. Бұл фактілер босқындарды қабылдау мәселесі туралы пікірталастарды ушықтырып отыр. 2015 жылы Германия миллионға жуық босқынға баспана берген еді.

XS
SM
MD
LG