Accessibility links

Парижде полицияға шабуылдамақ болды


Робот оққа ұшқан адамда жарылғыш зат бар-жоғын тексеріп жүр. Париж. 7 қаңтар 2016 жыл.
Робот оққа ұшқан адамда жарылғыш зат бар-жоғын тексеріп жүр. Париж. 7 қаңтар 2016 жыл.

Францияның астанасы Париж қаласында қауіпсіздік қызметі полиция бөлімшесіне басып кірмек болған адамды атып өлтірді. Елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған France-Presse агенттігінің дерегінше, полиция бөлімшесіне "Аллаһу акбар" деп айғайлап келген адамның пышағы мен жанкешті белдігіне ұқсас заты болған. Кейін полиция ол заттың жанкешті белдігіне ұқсас етіп жасалған нәрсе екенін хабарлады. Париждің әртүрлі ұлт өкілдері тұратын ауданында болған оқиғадан зардап шеккендер туралы дерек жоқ.

Францияда осы аптада бұдан бір жыл бұрынғы - 2015 жылы 7 қаңтарда радикал исламшылдардың Charlie Hebdo сатиралық журналына жасаған терактісі құрбандарын еске алған шаралар өтіп жатыр. Ол оқиғадан 17 адам қаза тапқан.

Елде 2015 жылы 13 қарашада 130 адамды мерт еткен терактіден кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ол шабуылдардың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG