Accessibility links

Обама мен Путин Украинадағы жағдайды талқылады


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обама. Париж, 30 қараша 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обама. Париж, 30 қараша 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесіп, Украина мен Сириядағы жағдайды талқылады. Ақ үйдің мәлімдеуінше, "әңгіменің біраз бөлігінде президенттер Ресейдің Минск келісім бойынша алған міндеттемесін орындауына, оның ішінде Украинада тұрақсыздық орнатқан сепаратистерді қолдауды тоқтату жайын талқылауға" арналған.

Обама Путинге қақтығысты реттеудегі келесі маңызды қадам - Донбаста жергілікті органдарға сайлау өткізу тәртібіне келісу екенін айтқан.

Киев пен Батыс елдері Мәскеуді ресейшіл сепаратистерді қаруландырып, басқалай да көмектесіп отыр деп айыптайды. Бірақ Кремль мұны жоққа шығарады. Ресей билігінің мәліметінше, Путин мен Обама Сауд Арабиясы мен Иран арасын шиеліністі бәсеңсітуге шақырған.

Бұдан өзге, екі ел басшылары Сирия дағдарысын реттеуді және Корея түбегіндегі жағдайды талқылаған.

XS
SM
MD
LG