Accessibility links

Былтыр Сирия мен Иракта 33 қырғызстандық өлген


ИМ содырларымен соғысып жатқан Сирияның режимін қолдаушы қарулы топ. Алеппо, 14 қаңтар 2016 жыл. Көрнекі сурет
ИМ содырларымен соғысып жатқан Сирияның режимін қолдаушы қарулы топ. Алеппо, 14 қаңтар 2016 жыл. Көрнекі сурет

2015 жылы Сирия мен Ирактағы әскери қақтығыстар кезінде экстремистік ұйымдар сапында соғысқан 33 Қырғызстан азаматының қаза болғаны хабарланды. Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің 10-шы Бас басқарма бастығы Сталбек Рахманов мәлімдеме жасады.

Оның сөзінше, 2015 жылы Сирия мен Ирактағы экстремистік топтарға 508 Қырғызстан азаматы барып қосылған. Олардың ішінде 387 ер, 121 әйел және 83 кәмелетке толмаған жас бар.

Рахмановтың айтуынша, Сирия мен Иракқа кеткен қырғызстандықтар құрылыс салу пен ас-су әзірлеу саласында қызмет етеді, ал қарулы қақтығыстарға тікелей қатысып жүргендері аз.

Орталық Азияның өзге де елдері Сирия мен Ирактағы қақтығыстарға өздерінің жүздеген азаматтары қатысып жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG