Accessibility links

Иран: 32 миллиард доллар бұғаудан босатылады


Иран Орталық банкінің басшысы Валиолла Саиф.
Иран Орталық банкінің басшысы Валиолла Саиф.

Иран Орталық банкінің басшысы Валиолла Саиф Тегеран санкциялар алынғаннан соң бұғаудан босаған 32 миллиард доллар қаржысын қайтарып алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Иран мемлекеттік телеарнасының 19 қаңтар күнгі хабарына қарағанда, Саиф санкциялар алынған соң бұғаудан босайтын 28 миллиард доллар қаржы Орталық банкке берілетінін айтқан. Саиф қалған 4 миллиард доллар мемлекет қазынасына үкімет автивтері ретінде қайтарылады деген.

БҰҰ, АҚШ және Еуропа Одағының Иран Орталық банкіне қарсы санкциялары 16 қаңтар күні Иран ядролық бағдарламасын шектеу туралы әлемдік державалармен жасаған келісім талаптарын орындаған соң алынған.

XS
SM
MD
LG