Accessibility links

Душанбе "заңсыз" валюта айырбасын тоқтатпақ


Тәжікстан валютасы - сомани мен АҚШ доллары. (Көрнекі сурет.)
Тәжікстан валютасы - сомани мен АҚШ доллары. (Көрнекі сурет.)

Тәжікстан ұлттық банкі басшысы Джамшид Нурмухаммадзоданың сөзінше, билік «заңсыз валюта айырбастаумен айналысқандарға» түрме жазасын тағайындау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында Нурмухаммадзода банк пен ресми қаржы институттарынан басқа орында жасалатын кез-келген қаржы айырбастау операциялары заңсыз болып саналатыны туралы мәлімдеді.

Нурмухаммадзоданың хабарлауынша, билік «ұлттық валюта бағамының күрт құлдырауына әкеп соқтырған спекуляцияны» тоқтатуға ниетті.

Желтоқсанда Тәжікстанда барлық тәуелсіз валюта айырбастау пунктері жабылған. Тұрғындар елдегі банктер конвертацияланатын валютаны арзан бағада сатып алып, оны қымбат бағамен сатып жатқандықтан, валютаны қара базарда өздеріне қолайлы бағам бойынша айырбастауға мәжбүр екендерін айтады.

XS
SM
MD
LG