Accessibility links

"Әл-Жазира" Египеттің үстінен сотқа шағымданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Катардың "Әл-Жазира" телеарнасы Египетті 2013 жылы президент Мұхаммед Мурси қызметтен кетірілген соң журналистерін қудалағаны үшін сотқа берді. Телеарна таратқан мәлімдемесінде Египет билігі өзінің шағымына құлақ аспағандықтан Вашингтондағы инвестициялық дауларды реттеу халықаралық орталығына шағымдануға мәжбүр болғанын айтады. "Әл-Жазира" Каирдің журналистерді қудалауынан телеарна 150 миллион доллар шығын көргенін айтады.

Демократиялық жолмен сайланған Мурсиді биліктен кетірген соң Египеттің жаңа билігі телеарна журналистері аккредитациясының күшін жойып, кеңсесінде тінту жүргізіп, бірнеше қызметкерін тұтқындаған. Телеарнаның үш журналисі - австралиялық Питер Гресте, Египеттен шыққан Канада азаматы Мұхаммед Фахми және египеттік продюсер Бахир Мұхаммедті соттау халықаралық қауымдастықтың наразылығын тудырған.

XS
SM
MD
LG