Accessibility links

Лавров: Мәскеу Ашғабадпен қатынасты нығайтуға мүдделі


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде. Ашғабад, 28 қаңтар 2016 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде. Ашғабад, 28 қаңтар 2016 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Ашғабадта Түркіменстанға сапарында Мәскеу Түркіменстанмен қарым-қатынасын нығайтуға аса ынталы екенін мәлімдеді.

28 қаңтарда Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен Лавров Ресей Түркіменстанмен терроризм, есірткі тасымалы және ұйымдасқан қылмыспен күресте ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты. Бердімұхамедов екі ел арасында транзиттік тасымалды дамытудың болашағы үлкен екенін айтты.

Лавров Душанбеге сапары қарсаңында, 27 қаңтар күні Ресейдің Түркіменстанмен қарым-қатынасын "стратегиялық серіктестік" деп атаған. Ол келіссөзде екі ел басшыларының бұған дейінгі кездесулерінде қабылданған шешімдердің іске асуы талқыланатынын айтқан.

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова кезедсуде Ауғанстандағы ахуал аясындағы Орталық Азия аймағындағы жағдай" да талқыланатынын айтқан. "Келіссөзде Таяу Шығыстағы халықаралық терроризм мен Украинадағы дағдарыс та талқыланады" деген Захарова.

Оның сөзінше, Мәскеу мұндай халықаралық өзекті әрі өткір мәселелерде Түркіменстанның "достық және бейтарап" саясат ұстанғанын бағалайды.

XS
SM
MD
LG