Accessibility links

АҚШ: Ресей мен Түркия диалог жүргізуі тиіс


Ресей мен Түркия тулары (Көрнекі сурет).
Ресей мен Түркия тулары (Көрнекі сурет).

Ресей мен Түркия өзара шиеленісті күшейтпеу үшін диалог жүргізуі тиіс деп мәлімдеді "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында Пентагон өкілі Марк Райт.

Түркия әскери-әке күштері Ресей әскери ұшақтарының елдің әуе кеңістігін қайтара бұзғанына байланысты әскери дайындықты күшейткенін жариялаған. Түркия сыртқы істер министрлігі ресейлік Су-34 ұшағы 29 қаңтарда орыс және ағылшын тіліндегі ескерту жасалғанына қарамастан елдің әуе кеңістігіне енгенін мәлімдеген. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейді егер елдің әуе кеңістігін бұза беруді тоқтатпаса "салдары қиын болатынын" ескерткен.

Түркия СІМ Ресейді екі ел арасындағы шиеленісті күшейтіп отыр деп айыптап, кез-келген ауыр салдар үшін жауапты болатынын ескертті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Анкараның Су-34 ұшағының Түркия әуе кеңістігін бұзғаны туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Министрлік өкілі Игорь Конашенков айыптауды "құрғақ, дәлелсіз айыптау" деп атады.

Өткен жылы 24 қарашада түрік әскери әуе күштері Сириямен шекара маңында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын әуеден атып құлатқан соң Ресей мен Түркия арасындағы жағдай нашарлап кеткен. Анкара ол жолы да «ресейлік ұшақ ескертуімізді елемей, әуеде шекарамызды бұзды» деп мәлімдеген.

Бірақ Мәскеу ондай айыптауларды түгел жоққа шығарып, Түркияға қарсы санкциялар енгізген.

XS
SM
MD
LG