Accessibility links

Бразилия: Зика вирусы қан арқылы да жұққан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бразилия Зика вирусы қан құю арқылы жұққан екі жағдай тіркелгенін хабарлады. Жаңа туған балаларда неврологиялық ақау тудыратын вирус бұған дейін маса арқылы таралады деген тұжырым жасалған. Осы аптада вирустың жыныстық жолмен арқылы жұққаны да хабарланған.

Бразилиядағы Кампинас университетінің зерттеушілері 2015 жылы наурызда Зика вирусы бар адамның қанын құйған ер адамнан алынған генетикалық сынама оның осы вирусты жұқтырғанын мәлімдеді. Ғалымдар бұған қоса вирусы бар адам қанын оқ тиіп жараланған адамға құйған кезде де вирус жұққаны анықталғанын айтады. Олардың айтуынша, бұл науқас Зика вирусынан емес, жарақатынан қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) осыған байланысты Зика вирусы анықталған елдерге барғандарды сол елден келгеннен кемінде төрт аптаға дейін қан тапсырмауды сұрады. Қазір Зика вирусы тудыратын ауруларды емдеу тәсілдері мен вакциналар әлі жоқ. Зика вирусы тудыратын аурулар Оңтүстік және Орталық Америкадағы 26 елде тіркелген.

Бразилиялық зерттеушілер адамға сынақтан өткізіп көруге болатын вакцина жасап шығаруды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG