Accessibility links

Тайваньда зілзаладан 100-ге жуық адам жоғалды


Тайнань қаласындағы зілзаладан кейінгі құтқару операциясы. Тайвань, 6 ақпан 2016 жыл.
Тайнань қаласындағы зілзаладан кейінгі құтқару операциясы. Тайвань, 6 ақпан 2016 жыл.

Тайваньның оңтүстігіндегі Тайнань қаласында құтқарушылар жер сілкінісінен қираған үйдің астында қалып қойған 100-ге жуық адамды іздестіріп жатыр. Тайнань мэрі олардың көпшілігін қирандылар басып қалғанын айтады. Қазірге дейін 200-ден астам адам құтқарылған, 32 адам мерт болған.

6 ақпан күні болған жер сілкінісінің қуаты 6,4 магнитудаға жетеді. Зілзаладан 500-ге тарта адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі қаладағы 1989 жылы салынған, жермен-жексен қираған 17 қабатты ғимаратта болған. Тайвань қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, қытай күнтізбесі бойынша кірген жаңа жыл мерекесін атап өту үшін көп отбасы жиналған.

Қала билігі үйді салғандардың үстінен қылмыстық тергеу бастады.

XS
SM
MD
LG