Accessibility links

АҚШ сенаты Пхеньянға санкция салуды маұлдады


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын зымыран ұшырылуын бақылап тұр.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын зымыран ұшырылуын бақылап тұр.

Америкалық сенаторлар 10 ақпанда Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына, адам құқығының бұзылуына және кибершабуылға қатысы барларға қатысы барларға салған санкцияларды күшейтуді қарастыратын заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Заң жобасы бойынша, АҚШ санкциясына Пхеньянға ядролық қару жасауға қажетті құрылғыларды беруге, Солтүстік Кореядағы адам құқығының бұзылуына ықпал еткен және киберқауіпсіздік бұзуға қатысы бар солтүстік кореялықтар мен шетелдіктер ілігеді. Санкция салынғандардың АҚШ-тағы активтері бұғауланып, виза беруге және АҚШ-та келісім жасауға тыйым салынады.

Заң жобасын жасаушылар АҚШ-тың ең алдымен Қытай және Солтүстік Кореямен ынтымақтасатын басқа да елдерге ескерту бергісі келетінін айтады. Демократ сенатор Бен Кардин басқа елдер де осындай қадам жасайды деп үміттенетінін айтады. "Егер халықаралық қауымдастық бізді қолдаса бұл шаралар әлдеқайда тиімді болады" деді Кардин. Ол Иранға салынған халықаралық санкциялар Тегеранды саясатын өзгертуге мәжбүр еткенін мысал етті.

Бұған дейін бұл заң жобасын өкілдер палатасының мүшелері қолдаған. Сенат құжатты Солтүстік Корея ғарышқа зымыранмен жердің жасанды серігін ұшырғаннан үш күннен соң қабылдады. Вашингтон Пхеньян шын мәнінде құрлықаралық баллистикалық зымыран сынады деп санайды. Қаңтарда Солтүстік Корея жерасты сутегі бомбасын сынаған.

Құжатқа енді АҚШ президенті Барак Обама қол қоюы тиіс.

XS
SM
MD
LG