Accessibility links

Ауған жерінен совет әскері шыққанына 27 жыл толды


Ауғанстаннан шығарылып жатқан совет армиясы сарбаздары. Ауғанстан, Термез, мамыр 1988 жыл.
Ауғанстаннан шығарылып жатқан совет армиясы сарбаздары. Ауғанстан, Термез, мамыр 1988 жыл.

Бүгін, 15 ақпанда Ауғанстаннан совет әскерінің шығарылғанына 27 жыл толды.

СССР билігі Ауғанстанға әскерін 1979 жылы кіргізген. Содан кейінгі тоғыз жыл ішінде Ауғанстанда 600 мыңдай совет әскери қызметшілері болған. Сол кезең ішінде 14 мыңнан аса совет сарбазы қаза тауып, кейбір есептер бойынша, екі миллионға жуық ауған азаматы құрбан болған.

Ауғанстанда совет әскері қатарында 924 қазақстандық азамат қаза тапқан.

1988 жылы сәуірде Женевада Ауғанстандағы жағдайды саяси жолмен реттеу туралы жасалған келісімнен соң, СССР мамырдың ортасынан бастап әскери бөлімдерін әкете бастады. Соңғы совет әскери колоннасы 1989 жылы ақпанның 15-і күні Ауғанстан жерін тастап шыққан.

XS
SM
MD
LG