Accessibility links

Ресейдің допингке қарсы агенттігі экс-басшысы көз жұмды


Ресей допингке қарсы агенттігінің бұрынғы атқарушы директоры Никита Камаев.
Ресей допингке қарсы агенттігінің бұрынғы атқарушы директоры Никита Камаев.

Ресейдің дпоингке қарсы агенттігінің (РУСАДА) бұрынғы атқарушы директоры Никита Камаев агенттік басшысы қызметінен кеткеннен екі айдан соң қайтыс болды.

ТАСС агенттігінің 14 ақпан күні кешке РУСАДА-ның бұрынғы бас директоры Рамиль Хабриевке сілтеме жасап хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша Камаев жүрек талмасынан дүние салған болуы мүмкін. "Оқиға инфарктен болған сияқты. Ол шаңғы теуіп, үйіне келген соң жүрек тұсында ауырлық барын сезген. Оның бұрын жүрегім ауырды дегенін ешқашан естімеппін. Бәлкім, зайыбы оның денсаулығына қатысты бірнәрсе білетін шығар" деді Хабриев.

2015 жылы қарашада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) арнайы комиссиясы ресейлік спортшылардың жиі допинг қолданғаны туралы есебін жариялаған. Онда Ресейде тыйым салынған препараттарды қолдануды мемлекеттік деңгейде қолдайтын бағдарлама жұмыс істейтіні айтылған. Желтоқсан айында Ресей жеңіл атлеттерінің Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысуына салынған тыйымды алып тастау амалдарын жасап жатқанда Камаев пен Хабриев және РУСАДА-ның басқа да басшылық өкілдері отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG