Accessibility links

Дамаск жеті ауданға жүк кіргізуге рұқсат етті


Гуманитарлық жүк келуін күтіп отырған Мадая тұрғындары. Сирия, 2016 жылдың қаңтары.
Гуманитарлық жүк келуін күтіп отырған Мадая тұрғындары. Сирия, 2016 жылдың қаңтары.

БҰҰ мәліметі бойынша, Сирия үкіметі қоршауда қалған жеті ауданға гуманитарлық көмек кіргізуге рұқсат етті. БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы өкілінің айтуына қарағанда, гуманитарлық жүк Идлиб провинциясындағы Дэйр эз-Зор, Фуа және Кафрая аудандарына, Дамаск маңындағы Мадая, Забадани, Кафра Батна және Мадамиет Эльшам аудандарына жіберіледі.

Аталған аудандарға гуманитарлық жүк таяу уақытта шығады. Сирия билігі жүкті өткізуге БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистураның Дамаскіге сапарынан кейін келісті. Бұған дейін ол 17 ақпанда үкімет әскері мен көтерілісшілердің қоршауында қалған бірқатар аудандарға бірдей көмек жүгі жөнелтілетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG