Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) комиссия мүшелерінің біреуі ғана партия өкілі, қалғаны ешқандай партияда жоғын хабарлады.
Азаттықтың ресми жазбаша сауалына берген жауабында ОСК комиссия төрағасының орынбасары Владимир Фоос бұрын Қазақстан коммунистік партиясының мүшесі болғанын, комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен "Нұр Отан" партиясының мүшесі екенін айтқан. Қалған мүшелер партия қатарында жоқ.
Азаттық 24 ақпанда Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы ОСК қызметі жайлы "Орталық сайлау комиссиясының "хикаялары" атты мақала жариялаған. Азаттық тілшісінің бұл мақалаға қатысты "комиссия мүшелері қандай партиялардан құралғаны" туралы сауалына ОСК жазбаша сауал жолдауды сұраған.