Accessibility links

Грозныйда ресейлік құқық қорғаушы соққыға жығылды


Игорь Каляпин Грозныйда жасалған шабуылдан соң. Шешенстан, 16 наурыз 2016 жыл.
Игорь Каляпин Грозныйда жасалған шабуылдан соң. Шешенстан, 16 наурыз 2016 жыл.

Шешенстан астанасы Грозныйда ресейлік белгілі құқық қорғаушылардың бірі Игорь Каляпинге бетперде киген бірнеше адам шабуыл жасады. Олар Каляпинге жұмыртқа лақтырып, ұрып-соғып, бетіне бояу жағып кеткен. Мұның алдында оны Грозныйдағы қонақүйден шығарып жіберген еді.

Ресейдегі Азаптаудың алдын алу комитетін басқаратын Каляпин Шешенстанға 1996 жылы Ресей әскеріне қарсы соғысқа қатысты деп айыпталған екі украиналықтың сотын бақылауға барған.

16 наурыз күні кешке қарулы ер адамдармен келіп, Каляпинге қонақүйден шығуды бұйырған. Көшеде оған 15 шақты адам шабуылдаған. Бұл оқиғаға Азаттықтың Орыс редакциясының тілшісі куә болған. Құқық қорғаушы шабуылдан қатты зардап шеккен жоқ.

Бір апта бұрын Грозныйға бара жатқан жолда Азаптаудың алдын алу комитетінің автобусына шабуыл жасалған. Көлікте белсенділер мен журналистер болған. Беттерін бүркеген белгісіз адамдар пышақпен және резеңке таяқпен қаруланған. Журналистер құрал-жабдығының кейбірі ұрланып, шағылған.

XS
SM
MD
LG