Орталық сайлау комиссиясы 20 наурызда өткен кезектен тыс мәжіліс сайлауы мен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына елдегі тізімге енгізілген 9 миллион 810 мың 920 сайлаушының 77,1 пайызы - 7 миллион 564 мың 281 адам қатысқанын хабарлады. "Бұл - парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі соңғы сайлау науқандарының ішіндегі рекордтық көрсеткіш" дейді ОСК.
Сайлауға қатысу қарқыны Ақмола облысы бойынша - 79,68 %, Ақтөбе облысы бойынша - 80,26 %, Алматы облысы бойынша - 94,06 %, Атырау облысы бойынша - 85,37 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 73,68 %, Жамбыл облысы бойынша - 82,66 %, Қарағанды облысы бойынша - 78,83 %, Қостанай облысы бойынша - 84,85 %, Қызылорда облысы бойынша - 81,75 %, Маңғыстау облысы бойынша - 75,91 %, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 85,06 %, Павлодар облысы бойынша - 72,85 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 81,57 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 82,44 %, Астана қаласы бойынша – 74,65 %, Алматы қаласы бойынша - 34,1 % болған.
Дауыс беру ел бойынша 9840 сайлау учаскесінде өтіп, сағат 20:00-де аяқталды. Қазір дауыстар саналып жатыр. Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауы тиіс.