Accessibility links

Назарбаев: Мектепте алты күндік оқуды жою керек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада алтыншы шақырылымдағы парламенттің алғашқы сессиясының ашылуында білім және ғылым министрлігіне мектепте оқушыларға түсетін жүктемені азайту мәселесін зерттеуді тапсырды. Ол аптасына алты күн оқуды жойып, мектеп пәндерін оңтайландыру қажетін де айтты.

"Дамыған елдерде мектептерде оқушылар аптаның бес күнінде ғана оқиды. Баланың қалпына келуіне, педагогтың тынығып, сабағына дайындалуына уақыт беріледі. Тіпті кейбір елдерде аптасына төрт күн ғана оқиды. Бүгін де мұндай оқу формасы - дамыған елдердің барлығына тән нәрсе" деді Назарбаев.

Қазақстан президенті аптадағы оқу күнін азайтқанда оқу үлгерімі артуы артуы мүмкін екенін айтты. Ол Қазақстандағы орта мектептерде балаларға түсетін жүктеме "қажеттіліктен асып кеткенін" айтып, мектеп пәндерін оңтайландыру жайын зерттеуді ұсынды.

Назарбаевтың сөзінше, Қазақстанда келесі жылдан бастап мектептерде үш тілде білім беру жүйесі біртіндеп енгізіледі. Ал 2020 жылға қарай 12 жылдық білім беруге толық көшіріледі. Президент бұған қоса шенеуніктерден барлық мектепте интернет жұмысына бөгет жасалмауын қамтамасыз етуді сұрады.

XS
SM
MD
LG