Bek Air авиакомпаниясының Қызылордадан Астанаға ұшып келген лайнері таңертең апатты жағдайда қонды.
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігі әуежай полициясы ақпаратына сілтеме жасап, "Алдын ала мәліметтер бойынша бортта 116 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ, өрт болмаған" деп хабарлады.
Әуежайдың анықтама бөлімі агенттікке оқиғаны егжей-тегжейлі баяндаудан бас тартқан. Бірақ әуежайдың 13:00-ге дейін жабылғанын хабарлаған.
БАҚ-та оқиғаны көрген адамдардың суреттері жарияланды, онда ұшақтың алдыңғы дөңгелектерсіз қонғаны көрінеді.