Германия сыртқы істер министрі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы Франк-Вальтер Штайнмайер ресми сапармен Тәжікстанға барып, осы ел президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп жатыр. Штайнмайер Душанбеге Орталық Азия елдеріне жасайтын үш күндік сапары аясында келген.
Кеше Штайнмайер Қырғызстанға барып, осы ел президенті Алмазбек Атамбаевпен кездеске. Кездесуде аймақтық және халықаралық мәселелер, ЕҚЫҰ-ның Қырғызстандағы демократиялық институттарды дамытудағы рөлін талқылаған.
30 наурыз күні Өзбекстанға барған Штайнмайер Ташкентті елдегі адам құқығын сақтауға шақырған.
Штайнмайер сапары басталғанға дейін Орталық Азияны "ғаламдық тұрақтылыққа төндіретін елеулі қаупі бар стратегиялық маңызды аймақ" деп атаған.