Accessibility links

Ермегияев сотына журналистерді телефонмен кіргізбеді


Талғат Ермегияевтің үстінен басталған алдын ала сот тыңдауы. Астана, 18 наурыз 2016 жыл.
Талғат Ермегияевтің үстінен басталған алдын ала сот тыңдауы. Астана, 18 наурыз 2016 жыл.

Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотында бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев және компанияның бұрынғы бірнеше басшысы үстінен сот тыңдауы басталды.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, сотқа кіреберісте журналистердің ұялы телефондарын күзет қызметкері жинап алды. Сот залына хабар тарататын журналистерді кіргізбеді, тек фото мен видео түсіретін журналистер ғана кіргізілді. Өзге журналистерді монитор қойылған өзге бөлмеге кіргізді. Сот залына іс бойынша сотқа тартылып жатқан 20-дан астам адамды кіргізді.

Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» компнаиясындағы қаржы жымқыру ісі аясында ұсталған. 2015 жылы маусымда компания басшысы қызметінен босатылған соң бірнеше күннен кейін қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, сот шешімімен үйқамаққа алынған Талғат Ермегияевке тергеушілер «4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді» деген айып таққан.

Қылмыстық іс бойынша «аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын талан-таражға салған» деген айып тағылғандар арасында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Бархинхоев, бұрынғы құрылыс департаменті жетекшісі Қажымұрат Үсенов бар.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Астанада 2017 жылы өткізу жоспарланған халықаралық көрмеге дайындықпен айналысады.

XS
SM
MD
LG