Accessibility links

Transparency Kazakhstan: "Панама құжаттарын" сараптап жатырмыз


ICIJ сайтындағы "Панама құжаттары" туралы есептің скриншоты.
ICIJ сайтындағы "Панама құжаттары" туралы есептің скриншоты.

Transparency International халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі - Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры "Панама-гейт" аталып кеткен құжаттарды сараптай бастады. Бұл туралы Азаттыққа Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Наталья Малярчук хабарлады.

- Екі аптадан соң сараптама нәтижесі дайын болады. Онда тек Әлиев мырза жайлы ғана емес, жалпы офшорға қатысты көзқарас, оның жұмыс істеу механизмі, оны қалай қолдануға болады және басқа да мәселелер қамтылады, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Сұхбат барысында Малярчук офшордың қызметі үнемі заңсыз бола бермейтінін айтып, «офшор – қалыпты, стандартты тиімді бизнес құралы» екенін жеткізді.

Сәуірдің 3-і күні Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP), Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) мен WikiLeaks сайты әлемдегі саясаткерлер мен бизнесмендердің қаржы жымқыру әрекеттері туралы мәліметтерді жариялаған. Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының әшкере болған құжаттарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің де британдық Виргин аралдарында "офшорлық компаниялардың акционері болғаны" айтылады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG