Accessibility links

АҚШ азаматтарына Түркиядағы қауіп жайлы ескертті


Стамбул көшесіндегі полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
Стамбул көшесіндегі полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Түркиядағы АҚШ елшілігі 9 сәуірде өз елінің азаматтарына әсіресе Стамбул мен Анталья курорты аймағында аса сақ болуды ескертті.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция құрамында көршілес Сирия және Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресіп жатқан Түркия өз аумағында түрлі қауіп-қатерге кезікті.

Түркия қауіпсіздік күштері елдің оңтүстік-шығысында күрд қарулы жасақтарына қарсы оқтын-оқтын соққы беріп келеді. Ол аймақта атысты тоқтату туралы келісім бұзылған 2015 жылдың шілде айынан бері қақтығыстар көбейіп кеткен.

Биыл Түркияда жанкештілер төрт рет террорлық шабуыл ұйымдастырды. Соңғы рет өткен айда Стамбул қаласында теракт жасалды. Осы шабуылдардың екеуіне қатысты «Ислам мемлекеті» экстремистеріне айып тағылып отыр. Қалған екеуін күрд қарулы жасағы өз мойнына алған.

XS
SM
MD
LG