Бүгін Иранға ресми сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тегеранда осы ел президенті Хассан Роуханимен кездесіп, келіссөз өткізді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел басшылары кездесуде сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және транзит-транспорт салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуды талқылаған. Президенттер бұған қоса аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікір алмасқан.
Кездесуде Назарбаев Қазақстан Иранмен достық қатынасты қашан да қолдағанын айтқан. Ал Роухани Назарбаев сапары Қазақстан-Иран қарым-қатынасына жаңа серпін беретініне сенімді екенін айтқан.
Назарбаев сапарының қарсаңында Қазақстан мен Иранның үкімет ведомстволары мен жеке меншік секторы арасында құны 1 миллион долларды жобалайтын 44 өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған.