Accessibility links

АҚШ-та "Панамагейтке" қатысты тергеу басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ әділет министрлігі "Панамагейт" деп аталып кеткен халықаралық деңгейде салық төлеуден жалтарудың қитұрқылықтары туралы фактілерге қылмыстық тергеу бастады. Материалдар халықаралық бірнеше беделді басылымдарда жарияланған болатын.

Манхэттен округінің федералдық прокуроры Прит Бхарара "Панама құжаттарында" аты аталғандарға қатысты фактілерге қылмыстық тергеу басталғанын мәлімдеді. Прокурор Халықаралық журналистік зерттеу консорциумына тергеу жүргізуге көмектесуді сұрап өтініш білдіргенін хабарлады. Панамалық Mossack Fonseca заң компаниясына тиесілі құпия құжаттарды әшкерелеп, жариялаған осы консорциум болатын.

XS
SM
MD
LG