АҚШ-тың 20 долларлық жаңа банкнотында құлдыққа қарсы күрескен афроамерикалық белсенді әйел Гарриет Табменнің бейнесі басылады. BBC-дің АҚШ қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Табмен америкалық долларда жүз жылдан астам уақыттан бері алғаш бейнеленген әйел болмақ.
АҚШ долларында соңғы әйел бейнесі 19-ғасырда басылған. АҚШ-тың бірінші ханымы Марта Вашингтонның бейнесі 1891-1896 жылдары шыққан бір долларлық күмәс сертификатта, 1865-1869 жылдары үндіс ханымы Покахонтастың бейнесі 20 долларлық банкнотта бейнеленген еді.
Жаңа 20 долларлық банкноттағы Гарриет Табменнің бейнесі АҚШ-тың жетінші президенті, құл иеленуші Эндрю Джексонның бейнесін алмастырмақ.
Өткен жылы қаржы министрлігі 10 долларлық банкнотта АҚШ қаржы жүйесінің негізін салған Александр Гамильтонның бейнесін алмастыру жоспары барын мәлімдеген еді. Бұл ұсынысты америка қоғамы қабылдамаған.