Accessibility links

Ресей Литва және Латвия тасымалдаушыларына алым енгізді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей үкіметі шетелдік жүк тасымалдаушылардан ел аумағындағы авто жолдарда жүргені үшін алынатын төлемді екі есеге көбейту туралы қаулы шығарды. Бұған қоса Латвия мен Литваның көлік компнаиялары да шетелдік тасымалдаушылар тізіміне енгізілді.

Қаулы бойынша, төлем көлемі күніне 850 рубльге дейін (шамамен 13 доллар) және жылына 120 мың рубльге (1845 доллар шамасында) дейін артады. Ресей үкіметі бұл сома рубльдің қазіргі еуроға шаққандағы бағамы бойынша белгіленген дейді. Осылайша федералдық жол қорына түсетін қаржыны ұлғайту көзделген.

Ресей үкіметі литвалық және латвиялық тасымалдаушыларға қатысты алым бұл елдерде де таяуда Ресей жүк көліктеріне қатысты осыған ұқсас салық салынғандықтан енгізілді дейді.

XS
SM
MD
LG