Accessibility links

Вучич Сербиядағы сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді


Серб прогрессивтік партиясының жетекшісі Александр Вучич. Белград, 24 сәуір 2016 жыл.
Серб прогрессивтік партиясының жетекшісі Александр Вучич. Белград, 24 сәуір 2016 жыл.

Сербия премьер-министрі Александр Вучич кезектен тыс парламент сайлауында өзінің оңшыл Серб прогрессивтік партиясының "тарихи түрде" жеңіске жеткенін жариялады. Ол партиясы бұдан ары да Сербияның Еуропа Одағына кіру саясатын ұстана беретініне уәде етті.

Үкімет басшысы өз фракциясы парламенттегі 250 орынның 131-іне ие болса да өзіне көбірек ықпал керек деп парламент сайлауын мерзімінен екі жыл ерте белгілеген. Ол бұған қоса Белград өзінің біраздан бергі одақтасы Ресеймен де достық қатынасты ұстана беретінін айтты.

Тәуелсіз CeSID тәуелсіз агенттігінің мәліметінше, премьердің партиясы 49 пайыз дауыс алады. Сербия социалистік партиясы болжам бойынша 12,9 пайыз дауыс жинап, парламенттегі екінші ірі фракция болып қалады. Воислав Шешельдің Радикалдық партиясынан шыққан әсіре ұлтшылдар 7,4 пайыз дауыс алуы ықтимал. Гаага халықаралық соты өткен айда Воислав Шешельден әскери қылмыс жасады деген айыпты алып тастаған.

XS
SM
MD
LG