Accessibility links

Ақтөбедегі жерге қатысты митинг аяқталды


Жерге қатысты митинг. Ақтөбе, 27 сәуір 2016 жыл.
Жерге қатысты митинг. Ақтөбе, 27 сәуір 2016 жыл.

Ақтөбеде жер дауына қатысты жүздеген адам келген митинг шамамен кешкі сағат 5 шамасында аяқталған. Қатысушылардың бірінің айтуынша, халықтың пікірлері мен уәждерін тыңдаған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары талаптарын жоғары жаққа жеткізуге уәде берген.

"Негізі жұрт алдында сөйлеген белсенділер көп болды. Әкімдік адамдары олардың барлығын жоғары жаққа жеткізуге уәде берді" дейді жиынға қатысушы.

Ақтөбе қалалық әкімдігінің өкілдері қала әкімі мен өзге де басшылардың митингке кеткенін айтты.

Қатысушылардың айтуынша, полиция оқиғаны бақылап тұрған.

Бүгін Семейде де жер мәселесіне қатысты жүздеген адам қатысқан жерге қатысты митинг өтті.

Бұған дейін сәуірдің 24-і күні Атырауда жерге қатысты бірнеше мың адам жиналған митинг болған.

Қазақстан үкіметі жер туралы заңға былтыр күзде енгізілген өзгерістерге сай биыл шілдеден бастап ауыл шаруашылық жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату, сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 25 жылға дейін мерзімге жалға беру тәртібі күшіне енеді деп хабарлаған. Елдің кейбір аймағындағы тұрғындар биліктің бұл жоспарына наразы екендерін айтады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG