Accessibility links

БҰҰ: Сирияда жағдай қатты нашарлады


Алепподағы әуе шабуылдарынан кейінгі жағдай. Сирия, 28 сәуір 2016 жыл.
Алепподағы әуе шабуылдарынан кейінгі жағдай. Сирия, 28 сәуір 2016 жыл.

БҰҰ-ның Сириядағы гуманитарлық миссиясының басшысы Ян Эгеланд соңғы екі тәулікте Алеппо мен Хомстың бір бөлігінде жағдай "апатты түрде" нашарлағанын мәлімдеді.

Әуе шабуылдарынан аурузана мен бірнеше өзге ғимарат қирап, 60-тан астам адам қаза тапқан. Эгеланд құлауға шақ тұрған бітімді нығайтуға тырысып жатқан дипломаттардың қандай жол табатынын болжай алмайтынын айтады.

"Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, Алеппода ауруханада қаза тапқан 30 адамның арасында 14 науқас пен алты дәрігер бар.Сирия әскери басшылығы аурухананы әдейі нысанаға алғанын жоққа шығарды. Syrian Observatory for Human Rights дерегінше, өзге бір қаланың маңына жасалған тағы бір әуе шабуылынан 20-дан астам адам мерт болған.

Қақтығыс шиеленіскен 22 сәуірден бері құрбан болған бейбіт тұрғындар саны 150-ге жетті.

XS
SM
MD
LG