Accessibility links

Ресей Азаттықтың Қырым редакциясы сайтын бұғаулады


Азаттықтың Қырым редакциясының логотипі (Көрнекі сурет).
Азаттықтың Қырым редакциясының логотипі (Көрнекі сурет).

Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымның прокуроры Наталья Поклонская Азаттықтың Қырым редакциясының "Крым.Реалии" сайты бұғауланғанын мәлімдеді.

"Қырым прокуратурасы жинаған материалдар бойынша Роскомнадзор бұл жобаны бұғаттау процедураларын жасайды" деп хабарлады Поклонская ТАСС агенттігіне.

Кеше Ресей мен Қырымдағы интернет қолданушылар сайтқа ресейлік IP-адрестерден кіруде қиындықтар барын хабарлаған.

Роскомнадзор сайтында Ресей бас прокуратурасының 2015 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімі бойынша "Крым.Реалии" сайтына кіру шектелгені, ал 2015 жылдың 30 қыркүйектегі шешімі бойынша сайт парақшасына кіру шектелгені жазылған. Шешім "Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы" заң негізінде қабылданғаны айтылған.

19 сәуірде Қырым прокуроры Наталья Поклонская "Крым.Реалии" жобасын мүлдем бұғаттау үшін материалдар дайындап жатқанын мәлімдеген.

"Крым.Реалии" сайты Ресей Қырымды аннексиялап алған соң ашылған. Ондағы материалдар орыс, украин және Қырым татарлары тілінде жарияланады.

XS
SM
MD
LG