Accessibility links

Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті


Әйел көтеріп жүгіруден Қазақстан чемпионатына қатысушылар. Алматы, 15 мамыр 2016 жыл.
Әйел көтеріп жүгіруден Қазақстан чемпионатына қатысушылар. Алматы, 15 мамыр 2016 жыл.

Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты өтті. Халықаралық отбасы күніне орайластырылған бұл шараға ресми түрде некеде тұрған жұптар ғана қатысты.

Жарыс ережесі бойынша, мәреге дейін әйелін қалай жеткізу – қолға көтеріп немесе арқалап апару – қатысушының өз еркінде. Тек бір шарт – қатысушы мәреге бірінші болып жетумен бірге әйеліне зақым келтіріп алмауға тырысуы тиіс. Олай етпеген жағдайда қатысушыға айып есептеліп, ол жарыстан шығып қалуы да мүмкін. Сонымен бірге әйелдің салмағы 49 келіден кем болмауы керек, оған жетпеген жағдайда ер адам әйелімен бірге қосымша жүк көтеріп жүгіреді.

Әйелін көтеріп жүгіру чемпионаты (Wife carrying World Championship) Финляндиядағы Сонкаярви қаласында 1992 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Қазіргі кезде мұндай жарыстар Еуропа елдерінде, сонымен бірге Азия мен Америкада да тараған.

Алматыдағы жарыстан Азаттық фоторепортажы:

XS
SM
MD
LG